27 қараша 2021 16:49

Көкпар толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкпар толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Көкпар толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аталған өзгеріс 28-29 қарашада елордада өтетін Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде қаралмақ.

2018 жылы ақпанда Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығына мүше он елдің өкілдері халықаралық ортақ ережені қабылданып, халықаралық жарыстарда жасанды серке муляжын қолдану шешімі бекітілген. Енді осы өзгеріс ішкі жарыстарға да қолданылуы мүмкін.

Алқа мәжілісінде оң шешім шықса, елімізде өтетін барлық ресми жарыста серкенің орнына жасанды муляж қолданылады. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, бұл - ұлттық ойынымызды спорттық қағидаларға сәйкестендіру мен халықаралық стандарттарға келтіру бойынша қолға алынып отырған қадам.

Атап өтейік, жуырда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңының жобасын талқылау барысында депутаттар ұлттық спортқа қатысты арнайы ұсыныс енгізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети