Нью-Йоркте өткен UFC 205 турнирінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Конор МакГрегор америкалық Эдди Альваресті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Нью-Йоркте өткен UFC 205 турнирінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Конор МакГрегор америкалық Эдди Альваресті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектің бірінші раундында ирландиялық спортшы басымдығын бірден байқатты. Ол қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген еді. Бірақ америкалық бұл соққыларға төтеп бере алды. Ал екінші раундта МакГрегор қарсыласына бірден 3-4 соққысын дарытып, құлатты. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр борлды. Осылайша ол 21-ші жекпе-жегіне жетіп отыр. Ал америкалық Эдди Альварес 5-ші жеңілісіне ұшырады.
Ирландиялық боксшы осы жеңісімен UFC тарихында екі салмақ дәрежесінде чемпион болған бірінші спортшы болып отыр.
Еске салайық, 28 жастағы МакГрегор наурызда жеңіл салмақ дәрежесінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда бразилиялық жарақат алып, кездесу өтпей қалған. Оның орнына Нейт Диас шығып, чемпионды қылғындыру әдісімен жеңген. Ал 21 тамызда өткен реванш жекпе-жегінде ирландиялық Диасты ұпай санымен жеңген еді.