03 шілде 2019 12:28

Кореяда үстел теннисінен қазақстандық спортшы алаң иесіне есе жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Үстел теннисінен Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Әлемдік лига турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Үстел теннисінен Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Әлемдік лига турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Герасименко бүгін жарыс қожайыны Сео Хундеоктен 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Кирилл екі мәрте қарсыластан алда тұрып, сол басымдықты сақтай алмаған. 

"Кирилдің қарсыласы солақай. Бұл біздің спортшыға айтарлықтай қиындық туғызатыны рас. Бірақ басты мәселе бұл емес. Герасименко екі мәрте 5:1 есебімен алда тұрып, сет соңына қарай жеңісті уысынан шығарып алды. Бірінші сетте ол соққыны дұрыс істемегені үшін ескерту алды да, содан соң ойын мәнерін жоғалта бастады. Ал шешуші сетте ол тағы да есепте алда болғанымен, қателікке бой алдырды", - дейді команданың кеңесші-бапкері Дмитрий Левенко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети