22 қыркүйек 2014 09:25

Кореяның тамақтары қандай екен?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медиа қалашығындағы асхана. © Нұрғазы Сасаев Медиа қалашығындағы асхана. © Нұрғазы Сасаев

 Кореяның тамақтарының бәрі ащы емес екен, тіпті халал тамақ өнімдері де бар, деп хабарлайды Инчхоннан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 Кореяның тамақтарының бәрі ащы емес екен, тіпті халал тамақ өнімдері де бар, деп хабарлайды Инчхоннан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ХVІІ жазғы Азия ойындары өтіп жатқан Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындамыз. Тамақтарының бәрі де ащы емес. Тіпті халал тамақ өнімдері де бар.

Таңертеңгі асымызды Медиа қалашықтағы (Media Village) асханадан ішеміз. Қандай тамақ ішесіз, қанша жейсіз – өз еркіңіз. Тойғаныңызша жеңіз. Бірақ қазекемнің тойынан қайтқандай, қолтығыңызға қысып, өзіңізбен бірге алып кетуге болмайды.

Таңғы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін – таңертеңгі ас. Асханаға қолыңыздағы тілдей қағазыңызбен бір-ақ рет барасыз. Рас, "ауыр" тамақтар жоқ, негізінен – таңертеңгілік асқа арналған "жеңіл" тағамдар. Түскі ас пен кешкілік тамағыңымызды әр жерден ішеміз.

Бұл жақта шошқа еті көп екен. Сиыр еті кездесіп қалады. Ал жылқы және қой етін мүлде көрген емеспіз. Есесіне, балық тағамдары – көп. Балықтың сорпасы да бар.

Бір қызығы, нан көптеген асханаларда атымен жоқ. "Bread, bread" деп бірнеше минут безек қақсақ та, нанның не екенін түсіндіре алмай қойған кезіміз де болды. Абырой болғанда, Media Village асханасында нанның бірнеше түрі бар екен.

Ауыз су – тегін. Баспасөз орталықтарында да, тұратын пәтерлерімізде де жарты литрлік шөлмектегі сулар қаланып тұрады. Мұнысы жақсы болды. Әйтпесе, сусын түрлері арзан емес екен. Мысалы, шәй – 3000 вон (3 доллар), бір литрлік Кока-кола – 2000 вон, бір жарым литрлігі – 2300 вон.

Десек те, азық-түлік дүкендерінде баға соншалықты "күйіп" тұрған жоқ. Әйтеуір Лондон және Сочимен салыстырғанда – қалта көтерерліктей.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети