"Көріскеніме қуаныштымын, GGG". Головкин мен Роналду бір жобаға қатысып жатыр

05 Желтоқсан 2019, 09:31
0
"Көріскеніме қуаныштымын, GGG". Головкин мен Роналду бір жобаға қатысып жатыр - Фото: instagram.com/gggboxing
Фото: instagram.com/gggboxing

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

Спортшылар Instagram желісіндегі парақшаларында Туринде DAZN түсіріліміне қатысып жатқандарын жазды. 

"Туринде досым Криштиану Роналдумен тамаша күн. DAZN-мен жаңа жоба дайындап жатырмыз", - деп жазды Головкин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Оған португалиялық футболшы "Ювентустың" жейдесін сыйлаған. 

"Ерекше досыммен DAZN үшін жаңа қызық жобада жұмыс істеп жатырмыз. Көріскеніме қуаныштымын, GGG", - деп жазды Роналду. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Сонымен қатар, Криштиану Роналду  191 миллион жазылушысы бар Instagram-парақшасында Головкинмен түскен селфиін жариялады. 

Бұған дейін Головкин Роналдуды өзінің сүйікті футболшысы деп атаған еді. 

Естеріңізге салсақ, Головкин қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. Қазақстандық боксшы рингке қыстың соңында не көктемде оралады деген жоспар бар. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай