30 қазан 2018 09:07

ҚР киберспорт чемпионатының іріктеуіне кімдер өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киберспорт бойынша алдағы ҚР чемпионатының іріктеу ойындарының нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Facebook парақшасында жазды.


Киберспорт бойынша алдағы ҚР чемпионатының іріктеу ойындарының нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Facebook парақшасында жазды.

"Екі апта бойы Қазақстанның киберспорт қауымдастығының назары ҚР чемпионатының киберспорт бойынша алдағы іріктеу ойындарында болды. Сонымен мыңнан астам іріктеу матчтың нәтижесінде қазақстандық рlay-off WCG 2018 ойынына 8 жеке ойыншы мен 6 команда іріктелді. Онлайн-білік қорытындыларымен қатысушылар Федерация парақшасында таныса алады. Айта кету керек, турнир басталар алдында Федерациядағы әріптестеріме процестің ашықтығын қамтамасыз етуді және қоғамды әр кезең туралы хабардар етуді тапсырған едім", - деп жазды ол.

Енді алда ең маңызды кезең - киберспорт бойынша ҚР чемпионатының гранд-финалы және Қазақстан WESG турнирі бойынша іріктеу кезеңі басталады. Ол спортшылар үшін де өте маңызды, себебі бұл чемпионат олардың геймерлік біліктілігін арттыру үшін жағдай жасауға серпін береді және халықаралық жарыстарға қатысуға жаңа мүмкіндік сыйлап, сондай-ақ Федерацияның #QCF командасы үшін де қайталанбас тәжірибе болып, ең бастысы жалпы республиканың барлық киберспорттық қоғамдастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуына үлкен септігін тигізеді.

"11 қарашада Алматыда, Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтетін чемпионат көп көрермен аудиториясын жинайтынына толықтай сенімдімін, ал ойыншылар өз кезегінде өздерін жан-жақты көрсете алуына, спорттық рух пен жоғары шеберлік танытуына тілектеспін", - деп толықтырды Есекеев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети