Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

КСРО сапындағы жеті жүлдеміз

04 Ақпан 2014, 15:19
0
И.Гаранин, sportkadr.ru сайтынан
И.Гаранин, sportkadr.ru сайтынан
В.Сахнов, caravan.kz сайтынан
В.Сахнов, caravan.kz сайтынан
Қазақстан қысқы Олимпиадада (1956–1988ж.)
Қазақстан қысқы Олимпиадада (1956–1988ж.)
Қазақстан спортшылары КСРО құрамасы сапында қысқы Олимпиада ойындарының жетеуіне қатысып, жеті (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) медаль еншілеген дейді, Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап.

7-23 ақпан аралығында Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ел спортының шежіресіне көз жүгіртуімізді одан әрі сабақтамақпыз. Бүгін КСРО құрамында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысып, жүлдеге қол жеткізген Қазақстан спортшыларына қысқаша тоқталып өтпекпіз.

Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан алғаш рет қашан қатысқан Александра Артеменко екенін жазғанбыз.Ол 1956 жылы Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен VІІ қысқы Олимпиадада тау шаңғысы спортынан сынға түсті.

Келесі 1960 жылы Скво-Велльде (АҚШ) жалауы желбіреген VІІІқысқы олимпиадаға Қазақстанан тағы да бір спортшы қатысты. Атап айтқанда, конькимен жүгіруші Юрий Малышев 500 метрлік қашықтықта 10-орынға ие болды.

1964 жылы Инсбругте (Австрияда) алауы тұтанған ІХ қысқы Олимпиадаға біздің елден ешкім қатысқан жоқ. Ал Гренобль-68 (Франция) Олимпиадасына тағы да бір конькишіміз қатысты (Александр Керченко 1500 метрлік қашықтықта 11-орынды қанағат тұтты).

1972 жылы Саппорода (Жапония) жалауы желбіреген Ақ Олимпиадаға шаңғышы Иван Гаранин қатысып, 50 шақырымдық алыс қашықтықта 17-орынды иеленді.

Осылай төрт Олимпиадаға бір спортшыдан жібергенбіз. КСРО құрамаларының сапына әйтеуір бір спортшымыздың іліккенін көңілге медеу тұтқанбыз. Жүлде тек арман іспетті еді...

Алайда, 1976 жылы Инсбругте өткен ХІІ қысқы Олимпиадаға үш спортшымыз қатысып, үш жүлде (бір алтын, екі қола) олжалап қайтты. 1964 жылы Австрияның дәл осы қаласында ұйымдстырылған ІХ қысқы Олимпиадаға бірде-бір спортшымыз қатысқан жоқ еді, соның қайтарымы ма, 1976 жылы ақ түйенің қарны жарылды.

Инсбруктөрінде хоккейші Борис Александровтың алтынмен апталып, шаңғышы Иван Гараниннің екі қола медаль олжалағанын да мұның алдында жазғанбыз. Ал 1980 жылғы Лейк-Плейсидте (АҚШ)өткен қысқы Олимпиада ойындарына біздің елден ешкім қатысқан жоқ.

1984 жылы Сараевода (Югославия) төрткүл дүние назарын өзіне аударған Олимпиада ойындарына Қазақстаннан төрт спортшы қатысады. Олар – Владимир Смирнов (шаңғы жарысы, 50 шақырым, 4-орын), Владимир Козлов (конькимен жүгіру, 500 метр, 6-орын), Виктор Шашерин (конькимен жүгіру, 1000 метр, 6-орын және 1500 метр, 8-орын), Константин Коротков (конькимен жүгіру, 10000 метр, 14-орын).

1988 жылы Калгариде (Канада) өткен ХV қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан спорт үшін өте табысты дода болды. Олимпиадаға екі спортшымыз барып, төрт жүлде (3 күміс, 1 қола) әкелген. Владимир Сахнов КСРО құрамасының сапында, 4х10 шақырымдық эстафетадада күміспен күптелсе, Владимир Смирнов шаңғымен жарысу спорты тарихына өз атын алтын әріптермен жазуды осы Калгариден бастаған. «Калгари-88» Олимпиадасында Сахновпен бірге КСРО құрамасының намысын қорғап, күміс медаль алған Смирнов 30 шақырымдық қашықтыққа да күміс, ал 15 шақырымдық бәйгеде қола медаль еншілейді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай