Қуат Хамитов Fight Nights Global 93 турнирі алдында қарсыласымен көз арбасты

26 Сәуір, 09:30
0
Қуат Хамитов Fight Nights Global 93 турнирі алдында қарсыласымен көз арбасты - Фото:instagram.com/kuat__khamitov/
Фото:instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов (20-5-1) Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жегі алдында әзербайжандық қарсыласы Нариман Аббасовпен (23-3) көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейін) кездесу 26 сәуірде Мытищи қаласында Fight Nights Global 93 турнирі аясында өтеді. 

Айта кетейік, Хамитов өзінің соңғы жекпе-жегін 26 қарашада Алматыда өткізген болатын. Fight Nights 80 турнирінің басты жекпе-жегінде ол ирландиялық Питер Куиллимен күш сынасқан еді. Қазақстандық спортшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңген. Кейін Ресей ММА федерациясы екі спортшының тең түскенін мәлімдеп, нәтижені өзгерткен болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай