08 сәуір 2021 11:46

Қуат Хамитов қарсыластарының деңгейіне қатысты сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kuat__khamitov Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат "Найман" Хамитов қарсыласының деңгейіне қатысты сын айтушыларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат "Найман" Хамитов қарсыласының деңгейіне қатысты сын айтушыларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Осы жазбада кейбір сын айтушылардың сұрағына жауап бергім келеді. Олардың айтуынша, мен бүкіл мансабым барысында танымал емес спортшылармен шыққанмын... Олар UFC, Bellator, PFL MMA, Rizin-де күреспегендер.

Менің жауабым: 10 жыл ішінде 30 жекпе-жек өткіздім, мансабым басталғаннан бері тек мықты қарсыластармен шықтым!

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін торды бөліскен спортшылардың тізімін жарияладым. Ол кезде менің өзім жаңадан келген едім", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Хамитов UFC-ке шығуға қатысты мәлімдеме жасады. "Ал UFC туралы айтатын болсақ, ешқашан допинг, стероидтерді қабылдаған емеспін... Мүмкіндік берсін, мен өзімді көрсетемін", - деп қосты Қуат Хамитов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ★★★𝐍𝐀𝐈𝐌𝐀𝐍★★★ (@kuat__khamitov)

Еске салайық, Қуат Хамитов октагонға соңғы рет қаңтарда Магнитогорск қаласында шықты. Ол бірінші раундта ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети