13 ақпан 2014 14:39

Кубаға қарсы шығатын боксшылар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ © Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

Бүкіләлемдік бокс топтамасында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Astana Arlans" командасы мен кубалық "Cuba Domadores" клубтары арасындағы кездесуге шығатын боксшылардың есімдері белгілі болды дейді Tengrinews.kz 21 ақпан күні Кубаның Гавана қаласында өтетін жекпе-жекте С2 категориясы бойынша 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақтағы боксшылар қатысатын болады. 49 келіде отандасымыз Азамат Исақұлов Йосбани Вейтиаға қарсы шықса, 56 келіде "арландар" сапынан өткен маусымда WSB топтамасының чемпиондық атағын жұлып алып берген Бағдат Әлімбеков шығады. Оның қарсыласы Маркос Форесталь. 64 келідегі боксшымыз Руслан Мәдиев Әлем біріншілігінің күміс жұлдегері Ясниер Толедоға қарсы жұдырықтасады. 75 келіде "арландардың" сапына биыл ғана қосылған Ерік Әлжанов Луис Рамонға қарсы тұрады Ауыр салмақта қазақстандық команданың сапынан Арбек Әбуғаниев шығады. Ол Эрисланди Савонмен кездеседі. Айта кетейік, Елордалық "Astana Arlans" командасы WSB топтасының қазіргі уақыттағы чемпиондары. Соңғы кездесуде біздің команда Мексика жерінде "Mexico Guerreros" командасын 3-2 есебімен жеңді. Ал, "Cuba Domadores" командасы өздерінің соңғы кездесулерін "Hussars Poland" ұжымына қарсы өткізіп, 5-0 есебімен басым болған. Естереңізге сала кетейік, бұл қос команда арасындағы бірінші кездесу Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өткен болатын. Ол кезде "кубалық қабыландарының" мейрейі үстем болып, 2-3 есебімен жеңіске жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети