30 мамыр 2020 10:57

Күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкерінің кеңесшісі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майірбек Юсупов. © sportx.kz Майірбек Юсупов. © sportx.kz

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі Майірбек Юсупов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚР панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев мәлімдеді., - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстан құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі Майірбек Юсупов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚР панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев мәлімдеді., - деп хабарлайды Vesti.kz

"Суретте менің достарым, ағаларым Абдулманап Нурмагомедов пен Майрібек Юсупов. Өздеріңіз білесіздер, Абдулманап ауруханада жатқалы бір ай болды, ал жақында Қазақстан құрамасының еркін күрестен бас жаттықтырушысының кеңесшісі Майрібек те ауырып қалды. Бүгін оған қоңырау шалып, тез сауығып кетуін тіледім.

Бұл екі ұлы спортшы, жаттықтырушыдан тәлім алдым, өмір бойы тәлім алып келемін. Оларға тез арада сауығып кетулерін тілеймін", - деп жазды Мекеев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сагиндык Мекеев (@mekeev_mma_pankration)

64 жастағы Юсупов Қарағандыда дүниеге келген, бірақ күреспен Дағыстанда айналыса бастаған. 1977 және 1978 жылдары КСРО чемпионы болған, ал 1979 жылы командалық Кубоктан "алтын" және жекеден "күміс" жеңген.

Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Юсупов 2017 жылы Қазақстан құрамасының кеңесшісі болды. Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы Ресей ұлттық командасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети