13 ақпан 2018 10:41

Қысқы Олимпиадада спортшының қанынан допинг табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC © BBC

Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бірінші спортшы рұқсат етілмеген дәрумен қолданғаны үшін ұсталды. SA Today баслымының мәліметі бойынша, допинг-сынақтан жапониялық шорт-трекші Кэй Сайто өте алмапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметі бойынша, 21 жастағы спортшының қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған. Бірақ, оның атауы әлі жарияланған жоқ. Жапония Ұлттық Олимпиада комитеті 13 ақпан күні баспасөз жиынын өктізіп, бұл туралы ресми жарияламақшы.

Сайто болса уақытша жарыстардан шеттетілген. Спорттағы арбитраждық соттың (CAS) таратқан ақпаратына сүйенсек, онын сынамасынан диуретик табылған. Спортшы өз еркімен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартып, Олимпиада қалашығынан кетіп қалған. Спортшыға уақытша жаза тағайындалған. Бұл жаза ISU аясында өтетін жарыстарға қатыстырмайды.

Сайто Жапонияның 5000 метрге жарысудан эстафеталық құрамасының қосалқы спортшысы болған. Бұл жарыстың финалдық бәсекесі 22 ақпанда өтеді. Ол қысқы Олимпиада ойындарында допингпен ұсталған бірінші спортшы екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети