Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 69 келі категориясында жарыс өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 69 келі категориясында жарыс өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қытайдан келген Ляо Хуэй әлемдік рекорд жаңартып, бірінші орын алды. Ол жалпы есепте 359 (166+193) келі салмақты еңсерді. Күміс медаль мысырлық атлет Мұхамед Махмұдқа бұйырды - 334 (152+182), ал корей Ким Мьон Хьок үшінші орыннан көрінді. Ол жалпы есепте - 305 келі салмақты еңсерді (152+182). 18 жастағы қазақстандық Альберт Линдер болса жалпы есепте 305 (145+170) келі жинап, 10-орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 қарашада басталған еді. Қазақстанның атынан 15 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде Олимпиада ойындарының үш чемпионы бар - Илья Ильин, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло. Осыған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші алтынды әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфия Чиншанло алып берген болатын.