Левиттің жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар Олимпиададан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Левиттің жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар Олимпиададан шеттетілді © Данияр Майлыбаев

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Риодағы Олимпиада ойындарынан шеттетілген төрешілердің есімін жариялады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Риодағы Олимпиада ойындарынан шеттетілген төрешілердің есімін жариялады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Шеттетілген төрешілердің қатарында қазақстандық Рақымжан Рысбаев та бар. Сондай-ақ, Мик Бэйси (Ұлыбритания), Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия), Мариуш Горний (Польша), Херардо Погги (Аргентина) мен Владислав Малышев (Ресей) Олимпиададан шеттетілді.

Айта кетейік, шеттетілген үш қазы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегінде болған еді. Онда Погги рингте төреші болса, Якуб пен Галлахер қазы ретінде қызмет етті. Жеңісті Тищенкоға беру туралы шешімді жакүйерлер мен мамандар сынға алған болатын.

Сонымен қатар, Якуб Владимир Никитин мен Майкл Конланның даулы жекпе-жегінде төреші болған. Онда да жеңісті ресейлік азаматқа берді. Сол кезде ирландиялық боксшы төрешіге ортаңғы саусағын көрсетіп, AIBA ұйымын қаншалықты сыбайласқан парақорлар екенін айтты. "Олар - жолы болмаған жексұрындар. Әуесқой бокстың саудасы біткен. Мен енді AIBA атынан еш уақытта шықпаймын. Мен мұнда алтын алу үшін келдім, бірақ менің арманымның күл-талқанын шығарды. Мен жолы болмаған адам емеспін, мен жеңімпазбын. Бүгінгі жекпе-жек осы ұйымның қаншалықты сыбайласқан парақорлар екенін көрсетті", - деген еді Конлан.

Айта кетейік, жекпе-жектің нәтижелері қайта қаралмайтын болды. Олимпиада ойындарында ешкімнің апелляцияға беруге құқығы жоқ екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети