17 тамыз 2016 10:11

Левит - Тищенко жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар тағы да дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Guardin © The Guardin

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында бокста төрелік ету бойынша бір тәулік ішінде екінші бір дау шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ирландиялық 56 келі салмаққа дейінгі әлем және Еуропа чемпионы Майкл Конлан төрешілер шығарған шешімге риза болмады.


Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында бокста төрелік ету бойынша бір тәулік ішінде екінші бір дау шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ирландиялық 56 келі салмаққа дейінгі әлем және Еуропа чемпионы Майкл Конлан төрешілер шығарған шешімге риза болмады.

Бұл жолы көрермендер ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы жекпе-жектің қорытынды шешіміне наразы болды. 56 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсеткен қос боксшының жеңімпазын төрешілер ресейлік спортшы деп танып, бірауыздан есепті 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) болды деп шешкен.

Кездесудің қорытындысын жариялаған кезде Конлан төрешілерге наразылық танытып, ортаңғы саусағын көрсеткен және әуесқой бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Ирландиялық боксшы Майкл Конлан BBC арнасына: "Менің арманымды ұрлады. Мені тонап кетті. Мен алтын медальға барар жолда едім, алданып қалдым. Мен енді Олимпиада ойындарында өнер көрсетпеймін және ешкімге AIBA бокс федерациясымен күресуге кеңес бермеймін" деп сұхбат берді.

Айта кетейік, осы кездесуде төрелік еткендер Левит-Тищенко жекпе-жегінде де қазылық еткен.

"Олар - жолы болмаған жексұрындар. Әуесқой бокстың саудасы біткен. Мен енді AIBA атынан еш уақытта шықпаймын. Мен мұнда алтын алу үшін келдім, бірақ менің арманымның күл-талқанын шығарды. Мен жолы болмаған адам емеспін, мен жеңімпазбын. Бүгінгі жекпе-жек осы ұйымның қаншалықты сыбайласқан парақорлар екенін көрсетті", - деді Конлан.

Осыған дейін, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен. Төрешілер Тищенкоға жеңіс берген кезде залда жиналған жанкүйерлер ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети