Лондон жазғы Олимпиаданы екінші рет қабылдауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон жазғы Олимпиаданы екінші рет қабылдауы мүмкін Рио-де-Жанейро. Фото: interest-planet.ru

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылғы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарын Лондонда өткізу туралы мүмкіндікті қарастырып жатыр, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" британдық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылғы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарын Лондонда өткізу туралы мүмкіндікті қарастырып жатыр, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" британдық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Британдық "Evening Standart" басылымының мәліметі бойынша, ХОК мүшелері жасырын түрде Лондон басшылары жазғы Олимпиада ойындарын екінші рет өткізу туралы сауалмен хабарласқан. ХОК-тың вице-президенті Джон Коутстың айтуынша, Рио-де-Жанейроның Олимпиадаға дайындығы тым нашар. 

"ХОК Рио-де-Жанейроның дайындықты тездету үшін арнайы топ құрды. Дегенмен, жағдай әлі де тым қиын", - дейді Коутс Сиднейде өткен ХОК-тың конгресінде. 

Бейресми ақпарат бойынша, Олимпиада ойындарының басталуына екі жыл қалғанның өзінде қала оны қабылдауға бар болғаны 10 пайызға дайын екен.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасын ұйымдастырушыларының бірі Уилл Глендиннингтың айтуынша, Лондонның Олимпиаданы екінші рет қайта қабылдауға барлық мүмкіндігі бар. Дегенмен, өткен аптада ХОК Олимпиада ойындарын Рио-де-Жанейродан басқа қалаға ауыстырмайтындығы туралы да мәлімдеме жасаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети