17 шілде 2017 11:21

МакГрегор спарринг кезінде нокаутқа түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конор МакГрегор. © instagram.com/thenotoriousmma Конор МакГрегор. © instagram.com/thenotoriousmma

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Флойд Мейвезерге қарсы өтетін кездесуге дайындық кезінде нокаутқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Джесси Варгас ирландиялық спортшының командасына жақын дереккөзге сілтеме жасап айтты. 

"Ол спарринг кезінде нокаутқа түсіп қалды. Бокс әлемі үлкен емес. Біздің ортақ таныстарымыз көп", - деп келтіреді Варгастың сөзін Bloody Elbow. 

Бұған дейін МакГрегор баспасөз жиындарының бірінде Мейвезерді төртінші раундта нокауқта түсіретінін мәлімдеген. Бірақ бұл мәселеге қатысты бірінші жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 29 жастағы украиналық боксшы Василий Ломаченко үлкен күмәнмен қарайтынын айтты. 

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети