Макгрегорды полицейлер қуған сәттің видеосы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Макгрегорды полицейлер қуған сәттің видеосы жарияланды Фото: ©REUTERS

Желіде екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегорды полицейлер қуған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегорды полицейлер қуған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайына сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ Дублин полициясы ирландиялықты көлікті қауіпті жүргізгені үшін ұстағанын, оның Bentley маркалы көлігі айыптұраққа жіберілгенін, ал файтер полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлаған болатын. Кейін ол кепілмен босатылған.

Макгрегор бес мың еуроға дейін айыппұл төлеуі немесе алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Макгрегор соңғы рет 2021 жылы 11 шілдеде өткен UFC 264 турнирінде жекпе-жек өткізген болатын. Ол жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Дастин Порьемен кездесті. Ирландиялықтың аяғы сынған соң америкалық бірінші раундта жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети