11 тамыз 2017 14:53

МакГрегордың қазақстандық егізі Нью-Йорктегі пранкқа қанша ақша жұмсағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы, Street Workout федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов АҚШ-та Конор МакГрегордың кейпінде тағы бір видео түсірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында пранкер өзі және командасы осы видеоны түсіру үшін қанша қаражат жұмсағанын айтып берді. 


Қазақстандық спортшы, Street Workout федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов АҚШ-та Конор МакГрегордың кейпінде тағы бір видео түсірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында пранкер өзі және командасы осы видеоны түсіру үшін қанша қаражат жұмсағанын айтып берді. 

Тағы бір түсірілген пранк бір тәулік ішінде жарты миллион қаралым жинады. МакГрегордың кейпінде түсірілген видео бір тәулік ішінде 2,6 миллион рет қаралған болатын. 

"Біз пранк түсіруге тура бір апта дайындалдық. Нью-Йоркке бүкіл команданы алып келу үшін, грим жасау, киім алып, камераларды реттеу үшін 20 мың АҚШ доллары жұмсалды. Көліктерді достарымыз берді. Times Square алаңына адамдар лық толды, қозғалыс тоқтады, кептелістер болды. Бұл сұмдық! Адамдар жолға шығып кетті, осы кезде біз дереу полиция шақырдық. МакГрегордың фанаттары көлікке тап берді. Өмірде болғанды видеомен жеткізу қиынырақ. Видеоның соңында біздің Бруклин көпірімен жүріп бара жатқанымыз түсірілген. Көпірдің үстінде қозғалыс тоқтап қалды. Барлығы жаяу жүрді, "Конор" жаяу, ал кортежі артында", - деді Бадургов. 

Бадургов фанаттардың бірі МакГрегор екеніне кәміл сеніп кеткенін айтады.

"Біз Union Square алаңында болғанда Конордың ирландиялық жанкүйерін көрдік. Ол Конор мен мені ажырата алмады, мені шын мәнінде МакГрегор деп ойлады", - дейді ол. 

Бадурговтың мақсаты - Конордың назары, оны жекпе-жек алдында қолдап, кездесу. 

"Мейвезермен жекпе-жекке шықпаймын. Мен оған бара алмаймын. Мен Конор секілді дөрекі сөйлей алмаймын. Мен оны спортшы ретінде қатты сыйлаймын, оның беделі жоғары. Мейвезермен жасанды жекпе-жек өткізу үшін пранк түсіруге де Һақым жоқ", - деді ол. 

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети