Медалінен айырылған Мария Грабовецкая: Бізге сыйақылар бекер берілді

16 Қараша 2016, 10:54
0
Медалінен айырылған Мария Грабовецкая: Бізге сыйақылар бекер берілді - Мария Грабовецкая © egemen.kz
Мария Грабовецкая © egemen.kz

Зілтемірші Мария Грабовецкая Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) оның 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында алған қола медалін тартып алуы туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

"Барлығынан бұрын айтқым келетіні, мен ешқандай да сотқа шағымданған жоқпын. Мен қайта талдау жұмыстары мен сынаманың қайта ашылатыны жайлы білдім. Біздің Федерациядағылар да бұл туралы айтты. Бірақ мен апелляцияға барған жоқпын. Басқа спортшылар сияқты Федерацияның шығаратын шешімдерін күттім. Үкімдерін күттім десем де болады.

Спортқа қаншама жыл арнадым. Осы уақытқа дейін бірнеше жарақат та алдым. Барлығына шыдадым. Сондай-ақ,  мен Олимпиадаға алған жарақаттанған кейін қатысқан болатынмын.

Мен ол кезде тек ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдадым. Егілген дәрілердің барлығы келісіммен болды. Бірақ қазір неге біздің сынамалардан тыйым салынған заттардың табылғанын түсінбей отырмын. Мен енді Риодағы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымыз үшін де қорқып отырмын. Мысалы, Жазира Жаппарқұл, Карина Горичева, Нижат Рахимов пен Саша Зайчиковтер үшін. Уақыт өте келе оларға қарсы не ойластыратындары жайлы ойлауға да қорқамын.

Интернетте біз жайлы жазылған пікірлер туралы айтатын болсам, жалпы, бізге сыйақылар бекер берілді. Ол ақшаларды басқа біреулерге бергені жақсы болар еді. Қазір 12-13 жастағы балалардың көбісі уақытын залда өткізеді. Илья Ильин болса тіпті балалық шағынан залдан шықпайды. Ешқандай да қыдыру деген болмайтын. Мен мектеп бітіру кешінде де болмадым. Өмірімдегі маңызды сәттерді өткізіп алдым: әпкемнің тойы, жиенімнің дүниеге келуі. Себебі, барлық уақытымды спортқа арнадым. Қазір енді мен олардың неліктен медальді сұрап жатқандарын түсіне алмай отырмын.

Допинг жайлы айтатын болсақ. Олар бізді бірнеше рет тексерді. Ойын алдында да тексерді. Олимпиада өтетін жерге бара салысымен Ильинді бірден тексеруге алып кетті. Олимпиада ойындарына 3-4 күн қалғанда қан мен зәр тапсырдық. Бір ауытқушылық болған жағдайда ойындардан бірден шеттетіп жіберді. Мен басқа спортшылардың Олимпиаданың дәл алдында шеттетіліп жатқандарын өз көзіммен көрдім.

Ал енді мұның барлығын кімге түсіндіріп бересің? Ол медальға жетудің қандай екенін тек спортшының өзі түсінеді. Қандай қиындықтардан өттік, қаншама жарақат алдық? Адам балалық шағынан армандап келген медалін алып, ал кейін оны сенен жайдан-жай ала салудың қандай екенін айтып түсіндіру мүмкін емес. Өз адамдарымыз үшін чемпион, жеңімпаз болып қалсақ жақсы ғой. Барлығы әділетсіз.

Мен Света Подобедовамен сөйлестім. Бұл жайлы одан кейін ғана біліппін. Ол мені жұбатып, тыныштандырды. Олардың бұл шешімін қабылдау, әрине, өте қиын", - деді спортшы.

Еске сала кетейік, 15 қарашада ХОК қазақстандық үш спортшыны Бейжің Олимпиадасының медальдарынан айырған болатын. Медальдардан қазақстандық екі ауыратлет пен еркін күрестен бір палуан қағылып отыр, олар күміс жүлдегер Ирина Некрасова, қола жүлдегер Мария Грабовецкая және қола жүлдегер Әсет Мәмбетов. Спортшылардың нәтижелері жойылды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай