23 тамыз 2017 00:11

Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күрес түрлерінен Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.


Күрес түрлерінен Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мустафа Хассан Абделал Мұхамедті 4:1 есебімен жеңіп шықты. 1/8 финалда үнді балуаны Гианандер Гианандерге айқын басымдығын танытты. Ширек финалда украин балуаны Дмитро Цумбалюктан 7:5 есебімен айласын асырды.

Жартылай финалда отандасымыз корей балуаны Ким Сион Хакпен белдесті. Алғашқы минуттарда қарсыласы ұпай көрсеткіші бойынша алға озғанымен, Мейрамбек міз бақпады. Өз сәтін күтіп, корей балуанын 4:2 есебімен жеңіп шықты.

Ал финалда Мейрамбек Кенхиро Фумитамен кездесті. Орайы түскенде айта кетейік, біздің балуан "күн шығыс" елінің балуынымен Азия біріншілігінің финалында кездесіп, жеңілген еді.

Бұл жолы да Айнағұловтың асығы алшысынан түспеді. Белдесудің 3-ші минутына дейін отандасымыз 1:0 есебімен алда келе жатқан. Бірақ 4-ші минутта жапон балуаны екі ұпай алып, алға шықты. Сөйтіп осы нәтижені белдесудің соңына дейін ұстап қалып, әлем чемпионы атанды. Ал Айнағұлов болса өзінің қатысып отырған бірінші әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети