10 маусым 2020 12:02

"Милан" футболшысына қарақшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Миланның" жартылай қорғаушысы Самуэль Кастильехо Италияда өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Миланның" жартылай қорғаушысы Самуэль Кастильехо Италияда өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Миланда бәрі дұрыс па? Екі жігіт тапаншаны бетіме тақап тұрып тонап кетті", - дейді Кастильехо Instagram желісінде.

MilanNews мәліметінше, футболшы көлік рөлінде отырғанда сағатын тартып алған екен.

Айта кетейік, Кастильехо "Милан" сапына 2018 жылы "Вильярреалдан" ауысқан болатын. Трансфер сомасы 21,3 миллион еуро болған. Биылғы маусымда испаниялық 25 жастағы хавбек Италия чемпионатының 16 матчінде (12 ойын негізгі құрамда) екі нәтижелі пас берді.

26 турда 36 ұпай жинаған "Милан" А сериясының турнир кестесінде жетінші келеді. Команданың келесі ойыны 22 маусым сырт алаңда "Лечче" клубымен болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети