05 қыркүйек 2018 | 17:48

Мұхамедиұлы Азиада-2018 жарысында Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Джакартада өткен Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азиада-2018 нәтижесіне көңілі толмайтынын жасырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Джакартада өткен Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азиада-2018 нәтижесіне көңілі толмайтынын жасырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық айтқанда, біз үшін бұл төбемізден суық су құйып жібергендей әсер қалдырды, себебі біз өткен жылмен салыстырғанда алтын медальдар санын еселейміз деп жоспарладық. Мұнда ешқандай құпия жоқ. Бокс, байдаркамен есу және каноэ, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер құрамасына сендік. Өзіміз күткен нәтижені көре алмағанда, есеңгіреп қалдық", - деді министр. 

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін жоспарлар мен біздің спорттағы әлсіз тұстарымызды атап өту үшін сөз сөйлеуге шыққанын айтып өтті.

"ХОК-тың атқарушы комитетінде осы күнге дейін біздің өкіліміз болған емес. Біз бұған назар аудармаппыз, басында отырғандар бағытты өзгертуге тырысады. Бұл біздің ағаттық - біз Азия ойындарында тізімге қосуды сұрамадық", - деді ол. 

Индонезияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 76 медаль иеленіп, тоғызыншы орынға жайғасқан болатын. Спортшылар велоспортта, жеңіл атлетикада, көркем гимнастика, самбо, джиу-джитсу, дзюдо, семсерлесу, карате және су полосы бойынша жақсы өнер көрсетті. 

Ал келесі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Азиада және басқада жарыс түрлерінен сыйақы төлеу 2014 жылы 19 желтоқсанда ҚР үкіметінің үкіміне сай реттеледі. Алтын медаль үшін - 10 мың АҚШ доллары, күміс - бес мың, ал қола - үш мың доллар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer