Мұхаммед Әли Twitter парақшасындағы алғашқы жазбасын жазды

26 Ақпан 2014, 09:57
0
Мұхаммед Әли Twitter парақшасындағы алғашқы жазбасын жазды - Мұхаммед Әли Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте. Фото Twitter
Мұхаммед Әли Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте. Фото Twitter
Аты аңызға айналған былғары қолғап шебері Мұхаммед Әли өзінің тұңғыш чемпиондық атағының 50 жылдығына орай Twitter желісінде алғашқы жазбасын жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

"Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте мен әлемді дүр сілкіндірдім. Енді, арада 50 жыл өткен соң мен Twitter-ді қолдана бастадым", - деп жазған 72 жастағы Мұхаммед Әли өз парақшасында. Сонымен қатар Мұхаммед Әли өзінің алғашқы чемпион атанған кездегі суретінің де сілтемесін қойған.

Жартылай ауыр салмақтағы 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы аса ауыр салмақтың үш дүркін чемпионы Мұхаммед Әлидің шын есімі Кассиус Марцеллус Клей. 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвиллде дүниеге келген. Өзінің алғашқы чемпиондық атағына Мұхаммед Әли 1964 жылдың 25 ақпанында Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте қол жеткізген. Жалпы кәсіпқой бокста Мұхаммед Әли 61 рет шаршы алаңға шығып, 56 кездесуде басымдық танытқан, 5 кездесуінде жеңілген. 1984 жылдан бері Мұхаммед Әли Паркинсон ауруымен ауырып келеді.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай