Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров "Қазақстан Барысына" биыл да қатысатын болды

04 Мамыр 2015, 17:15
0
Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров "Қазақстан Барысына" биыл да қатысатын болды - 2014 жылғы "Қазақстан барысы" - Мұхит Тұрсынов. © vk.com
2014 жылғы "Қазақстан барысы" - Мұхит Тұрсынов. © vk.com
Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров "Қазақстан Барысына" биыл да қатысатын болды - 2013 жылғы "Қазақстан барысы" - Айбек Нұғымаров. © Vesti.kz
2013 жылғы "Қазақстан барысы" - Айбек Нұғымаров. © Vesti.kz

"Қазақстан Барысы-2015" додасында ШҚО намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, Өскемен қаласының "Жекпе-жек" сарайында өткен облыстық іріктеу жарысында биыл шілде айында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы-2015" республикалық турнирінде күресетін шығысқазақстандық балуандардың есімі белгілі болды. Сайысқа ШҚО-ның барлық қаласы мен аудандарынан 22 балуан бақ сынасты.

"Кілең мықтылар жиналған жарыста өңірдің әр қаласы немесе ауданынан 2 балуаннан қатысу құқығы бекітілген. Биылғы жылы өтетін республикалық "Қазақстан Барысы-2015" додасында ШҚО атынан 3 балуан аттанбақ. Оның бірі 2014 жылғы Қазақстан барысы Мұхит Тұрсынов болса, Өскеменде өткен додада 22 балуан қалған екі жолдаманы сарапқа салды", - делінген хабарламада.

Сайыс қорытындысы бойынша, 1 орынды қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, 2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров иеленді. Ол ШҚО намысын өзінің финалда шыққан қарсыласы Өскемен қаласының балуаны Талғат Әміреновпен бірге қорғамақ. Ал Семей қаласынан келген тағы бір балуан Әділ Оразбаев 3-ші тұғырдан көрінді. Сайыс соңында жүлдегер балуандарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, республикалық додада өңір намысын қорғайтын үш балуанға Шыңғыс Тұрсынов жетекшілік ететін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай