27 желтоқсан 2021 15:22

Мұратбек Қасымбай титулдан бас тарту себебін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай Алматыдағы грэпплингтен Arlan Grip Pro 13 турнирінде Самир Ахмедовке қарсы жекпе-жекті жалғастырудан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай Алматыдағы грэпплингтен Arlan Grip Pro 13 турнирінде Самир Ахмедовке қарсы жекпе-жекті жалғастырудан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек нәтижесінде Ахмедов жеңіл салмақтағы жаңа титул иегері атанды.

"Кеше Arlan Grip Pro 13 турнирі өтті. Ұйымдастырушыларға осындай шоу-бағдарлама үшін үлкен рақмет, бәрі жоғары деңгейде болды. Мен де кешегі сәтті, неге соңына дейін жұдырықтаспағанымды түсіндіргім келеді. Ағалармен келісім бар еді: егер қарсыласымды мерзімінен бұрын жеңбесем, даулы сәттер болса, жеңісті, белбеуді қарсыласыма беремін.

Бұл ешбір жағдайда лигаға, қарсыласқа құрметсіздік емес, дәл осындай келісім болды және мен оны орындауым керек болды. Мерзімінен бұрын жеңе алмадым, ең алдымен өзіме ашулымын. Болашақ жастарға айтарым, біз мінсіз емеспіз, бәрімізде қате болады. Ешбір жағдайда мен жіберген қателіктерді жасамаңыздар. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін және бағалаймын!", - деді ол Instagram-парақшасында Stories-те жарияланған видеосында.

Бұған дейін Мұратбек Қасымбайдың чемпиондық жекпе-жегі жанжалмен аяқталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети