"Мұрны қанамағандар сынамай-ақ қойсын" - Қанат Ислам карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

06 Ақпан, 17:17
0
"Мұрны қанамағандар сынамай-ақ қойсын" - Қанат Ислам карьерасын қашан аяқтайтынын айтты - © фото vesti.kz
© фото vesti.kz

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) SERIK NOYAN LIVE Youtube-арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауабын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маған Мэнни Пакьяо келіп "Қанат қайтесің боксты, таста" десе, мені бұл ойландыратын еді. Ал кәсіпқой бокстың не екенін білмейтін, мұрны да қанамаған біреу баға берсе, "кетші ары" дейсің ғой", - деді Қанат Ислам.

"7-8 айдай қиындықтар болды спортта, бірақ, осындай қиындықтардан өту арқылы ғана артымызда еріп келе жатқан інілерге үлгі бола аламын деп ойлаймын. Жалпы бокста 40 жасқа дейін жұдырықтасамын", - дейді белгілі боксшы.

Еске салайық, мұның алдында америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының "белсенді емес" екені көрсетілгеніне байланысты боксшы карьерасын тоқтатты ма деген сұрақтар туындаған. Алайда WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері бұл ақпаратты растамады.

Ал боксшының дәрігерлері оған осы уақытқа дейін сол аяғының бұлшық еті бүріліп, кішірейіп кеткенін айтқан екен. Енді осы аяғының сіңірін жазылып, бұлшық етін де өсіру керек. Олар бәрі сәтті болып жатса, рингке екі-үш айдан кейін шыға алатынын айтқан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай