26 қыркүйек 2020 09:09

Найман Мәскеудегі турнирде қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов 25 қыркүйек, жұмада Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов 25 қыркүйек, жұмада Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Найман ресейлік Ахмадхан Боковпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Бастапқыда Хамитовтың қарсыласы басқа ресейлік спортшы Олег Косинов болуы керек еді, бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда қазақстандықтың қарсыласы өзгеріп, Ахмадхан Боковпен шығатын болды.

32 жастағы Қуат Хамитов үшін бұл өткен жылдың сәуірінен бергі алғашқы жекпе-жек. Бұл ретте қазақстандық соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде қазақстандық Арман Сапаров ресейлік Магомедшапи Гасайниевтен жеңілген болатын. Жекпе-жек бірінші минутта аяқталды. 

Fight Nights Global 98 турнирі "Хабар" және "Боец" телеарналарында көрсетілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети