19 маусым 2014 11:36

Назаров "Барыс" командасының бас бапкері болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Назаров. Сурет: www.zn.ua. Андрей Назаров. Сурет: www.zn.ua.

Ресейлік маман Андрей Назаров жуық арада елордалық "Барыс" хоккей клубының бас бапкері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол астаналық команда жетекшілігінен кеткен Ари-Пекка Селиннің орнын басады. 


Ресейлік маман Андрей Назаров жуық арада елордалық "Барыс" хоккей клубының бас бапкері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол астаналық команда жетекшілігінен кеткен Ари-Пекка Селиннің орнын басады. 

Өткен аптаның соңында Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы комитеті өкілдерінің жиыны болды. Бұл жиын барысында атқарушы комитет мүшелері хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селинмен команданың бас менеджері Нұрлан Оразбаевтың ұлттық құраманың Минскідегі әлем чемпионаты барысындағы көрсеткіштері туралы есебін тыңдады. Оның қорытындысы бойынша комитет өкілдері бір ауыздан әлем чемпионатындағы көрсеткішті "нашар" деп бағалап, бас бапкер мен бас менеджердің отставкасын қабылдау туралы шешімге келді.

Бірақ ол кезде Ари-Пекка Селин "Барыс" сапындағы қызметін жалғастыра береді делінген болатын. Бірақ қазақстандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Ари-Пекка Селин тек Қазақстан құрамасының сапынан ғана емес, "Барыстың" қатарынан да кеткен көрінеді. 

Енді алдағы уақытта "Барыстың" бас бапкер қызметіне "Донбастың" бұрынғы бапкері Андрей Назаров тағайындалуы мүмкін. Ол "Донбасс" және хоккейден Украина құрамасының тізгінін 2013 жылы аұстаған еді. Бірақ бұл елдегі саясы тұрақсыздыққа байланысты "Донбасс" клубының бірнеше белді ойыншылары команданы тастап кетті. Ал Құрлықтық хоккей лигасындағы қарсыластарын өз алаңында қабылдайтын "Донбасс-Аренаны" мамыр айының соңында белгісіз біреулер өртеп кеткен. Назаров бұл оқиғалардан соң клуб жетекшілеріне командадан кететінін айтқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети