07 сәуір 2015 23:49

Назаровтан жеңілген спортшы Алматыдағы Kunlun Fight 2 турнирін сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия спортшысы Бруно Аморим. ©kazsport.kaztrk.kz Бразилия спортшысы Бруно Аморим. ©kazsport.kaztrk.kz

Джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы, бразилиялық Аморим Робиньо Алматыда өткен Kunlun Fight 2 турнирінде өзінің жеңуі керек болғанын айтып отыр. Оның пікірінше, қазылар алқасы жақтасып, жеңісті Бейбіт Назаровқа берген. "Бұл күлкілі. Мен әлемде мұндайда кездестірмеппін. Видеоны көріңіздер, одан кімнің жеңгенін көріңіздер. Мұны фарс деп атауға болады. Біздің бес емес, үш раунд қана төбелескеніміз жайында айтатын болсам, мен мұндайды әлемде көрген емеспін!", - деді бразилиялық спортшы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында өзінің Бейбіт Назаровпен болған кездесуі жайлы.

Alem Fighters клубының негізін қалаған Ардақ Назаров жекпе-жекте кімнің жеңгенін шетелдің қазылары анықтағанын айтты. "Бұл кездесу Kunlun Fight тұжырымы бойынша болғандықтан, шетелден қазылар алқасын шақырдық. Соңғы кездесуге келер болсақ, егер теңбе-тең болса көрермендердің бұған көңілі толмайтын еді. Сондықтан қосымша раунд бердік. Меніңше, қазылар алқасының шешімі дұрыс", - деді ол. 

Қазақстандық Бейбіт Назаров Kunlun Fight турнирінің титулға талас жекпе-жегінде Бразилия спортшысы Бруно Аморимді жеңіп, Қытай промоушенінің тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болған еді. Кездесу Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен болатын. Аморим қазылар алқасының бұл шешімімен келіспей, марапаттау сәтін күтпей жатып, октагоннан кетіп қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети