20 қаңтар 2014 17:29

Нұрсұлтан Назарбаев таэквондодан тоғызыншы дан иегері атанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Сурет nazarbaev.kz сайтынан Нұрсұлтан Назарбаев. Сурет nazarbaev.kz сайтынан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таэквондодан (WTF) тоғызыншы дан иегері атанбақ, деп хабарлайды отандық vesti.kz спорт сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Елбасымызға тоғызыншы данды Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо табыстамақ. Нұрсұлтан Назарбаев пен Чунгвон Чо 21 қаңтар күні Ақ Ордада кездеседі деп күтілуде. "Қазақстандық таэквондошылардың халықаралық аренадағы жетістіктері өзге елдердің алдында өздерін биік ұстауға негіз бола алады. Мұндай көрсеткіштерге тек Қазақстан Республикасы Президентіні, ҚР билігі тарапының жан-жақты қолдаулары арқасында ғана жетуге болатынын Дүниежүзілік таэквондо федерациясы жақсы түсінеді. Осыған байланысты Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президиумы Нұрсұлтан Назарбаевты құрметті тоғызыншы данмен марапаттау туралы шешім қабылдады", - деп жазады WTF ресми сайты. Айта кетейік, Корея делегациясы елордамызда төрт күн болмақ. Астананың көрнекті жерлерін тамашалауды жоспарлап отырған қонақтар қазақстандықтарға Кореяның үздік спортшыларының қатысуымен болатын арнайы шоу бағдарламасын тарту етпек. Бұған дейін таэквондодан тоғызыншы данды Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин алған. Чунгвон Чоның айтуынша, РФ басшысы жекпе-жек және өзге де спорт түрлерімен белсенді түрде айналысып тұрады. Сондай-ақ, оның сөзіне сүйенсек, ресейлік таэквондошылардың да халықаралық аренадағы алып отырған үлестері зор екен Жалпы, таэквондодан тоғызыншы дан тек "сасоннимдерге", яғни ұлы шеберлерге ғана беріледі. Бұл таэквондодағы ең үлкен дәреже. Мұндай деңгейге жеткен адамдар әлемде санаулы-ақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети