Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың медалін алатын болды

28 Қыркүйек 2016, 16:52
0
Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың медалін алатын болды -

Грек жеңілатлеті Хрисопия Деветци үш аттап секіруден Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың қола медалін жеңіп алған болатын. Енді оның қанында тыйым салынған заттың болғаны анықталып отыр. Бұл туралы Inside The Games басылымы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының бүгін, 28 қыркүйекте шығарған шешіміне сілтеме жасап хабарлады. 

Осылайша Олимпиаданың қола медалі осы турнирде төртінші орын алған қазақстандық Ольга Рыпаковаға беріледі. Бұл оның Олимпиадалардағы үшінші медалі: 2012 жылы Рыпакова алтын медаль, ал 2016 жылғы Риода қола медаль жеңіп алған болатын. 

Допинг-сынамаларды қайта тексеруде Деветцетидің ағзасында станозолол деген аноболикалық стероидынын барын көрсеткен. Айта кетейік, бұл препарат қазақстандық ауыратлеттерден де табылған еді. 2009 жылы грек спортшысы допинг-тексеруден өтуден бас тартып, екі жылға спорттан шеттетілгеннен кейін спортпен қош айтысқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай