05 ақпан 2022 14:59

Олимпиада-2022: қазақстандықтар шаңғымен құздан секіруден финалға өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ҰОК, Тұрар Қазанғапов Фото: ҚР ҰОК, Тұрар Қазанғапов

Қысқы Олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды.

Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды. 

Келесі іріктеу кезең ертең, 5 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Айта кетейік, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети