Куала-Лумпурге Алматының өтінішін таныстыруға отандық делегациямен аттанған Қазақстанның Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов Малайзиядағы қазіргі жағдайға қатысты ойын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Куала-Лумпурге Алматының өтінішін таныстыруға отандық делегациямен аттанған Қазақстанның Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов Малайзиядағы қазіргі жағдайға қатысты ойын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Біз ақтық нәтижені жігерлене күтіп отырмыз. Таныстырылымнан алған әсеріміз өте жақсы. Ол кәсіби түрде, жоғары деңгейде өтті. Біз Олимпиада ойындарының Алматыда өтетін болса, техникалық және қаржы-экономикалық тұстарының қандай болатынын айтып бердік. Саяси тұстары, Азия ойындары туралы, Универсиада туралы, яғни біздің турнирді өткізудегі тәжірибеміз жайында айтылды. Алматының 30 шақырым радиустық техникалық мүмкіндігі көрсетілді. Барлығы тамаша қабылдады деп айта аламын", - деді Смирнов.
Оның айтуынша, барлығын Қазақстанның ауқымды әрі жақсы тұжырымдамасы таңғалдырды. "Мұндай Олимпиада, мұндай тұжырымдамамен көптен бері болған жоқ. Әдетте ара қашықтық өте алыс. Стадионнан олимпиада қалашығына жету керек емес пе. Бізде мұның барлығы 30 шақырымға сыйған. Бұл жақсы эмоция тудырып, жігер сыйлады", - деді қазақстандық спортшы.
Бақталасымызға қатысты Смирнов Қытайдың мұндай шара өткізуде тәжірибесінің мол екенін айтты. "Бұл ретте олардың белгілі бір ұтымды жақтары бар. Бірақ бізде де артықшылық жетеді. Олардың бірі - табиғилық. Бізде таулар бар, қыс мезгілі бар, нысандардың 70 пайызы дайын", - деді Смирнов. Оның ойы жайында толығырақ мына жерден оқуға болады.
Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 15.00-де Куала-Лумпурде Олимпиада-2022 ойындарын өткізетін ел анықталады. Vesti.kz шара жайында мәтіндік трансляция жасайды. Ал KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.