Паралимпиада-2020: қазақстандық дзюдошы финалда жеңіліп, күміс медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Паралимпиада-2020: қазақстандық дзюдошы финалда жеңіліп, күміс медаль алды ©instagram.com/kazparalympics/

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Олимпиадасының финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Олимпиадасының финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта Дәулет алтын медальді өзбекстандық Феруз Саидовпен сарапқа салған. Өзбек балуаны иппон ұпайымен жеңді. 

Еске салайық, 1/8 финалда Теміржан Дәулеттің қарсыласы әзербайжандық Рамиль Гасимов бозкілемге шықпай, техникалық жеңіліс тіркелген. Ал ширек финалда Дәулет неміс Николай Корнхасты, жартылай финалда грузин Георгий Калданиді жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Токио Паралимпиадасының үшінші медалі түсті. Бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) "алтын", Әнуар Сариев (дзюдо) күміс медаль алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети