29 тамыз 2021 17:21

Паралимпиада жүлдегері жеңісін Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарға арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміржан Дәулет. Фото: akorda.kz Теміржан Дәулет. Фото: akorda.kz

Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Теміржан Дәулет жүлдесін Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар мен зардап шеккендерге арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Теміржан Дәулет жүлдесін Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар мен зардап шеккендерге арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүлдемді Қазақстандық Тәуелсіздігіне арнаймын. Жамбыл облысындағы қайлығы жағдайдан кейін қанша адам қаза тапты, жарақат алды, отбасынан айырылды, жүлдемді соларға арнаймын", - деді Дәулет.

2020 жылғы Паралимпиадада 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен дзюдошы алтын медальді өзбекстандық Феруз Саидовпен сарапқа салып, жеңіліп қалған еді. Осылайша, ол Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети