26 шілде 2022 17:51

Парижде өтетін Олимпиада-2024 ұраны белгілі болды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ұйымдастырушылары ойын ұранын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап.


2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ұйымдастырушылары ойын ұранын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың ұраны "Games Wide Open" (Кеңінен ашық ойындар, Ouvrons grand les jeux) фразасы болды.

Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тони Эстанге бұл ұранды ұйымдастыру комитеті түрлі іс-шаралар мен бастамалар арқылы Ойынды жаңа әрі қызықты етуге ұмтылатынын айтты.

"Бұл бүкіл әлемге жаңа эмоцияларды бөлісуге шақырту. Біздің ойындар - жаңа әсер мен сезім. Жаңа тәртіп, Париж орталығындағы ашық жарыстар, Сенадағы ерекше ашылу салтанаты, кез келген адамға спортшы ретінде олимпиадаға қатысу үшін марафон", - делінген хабарламада.

Франция астанасы жазғы Олимпиада ойындарын ел тарихында үшінші рет өткізеді. 2024 жылғы жарыстар 1924 жылы Париждегі соңғы ойындардың жүз жылдығына арналған.

Ойынды 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өткізу жоспарланып жатыр. Спортшылар жалпы 32 спорт түрінен, соның ішінде Олимпиада ойындарында дебют жасайтын брейкингтен жарысады. Паралимпиада Франция астанасында 2024 жылдың 28 тамызынан 8 қыркүйегіне дейін өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети