1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Петр Ян жеңіл салмақтағы UFC уақытша чемпион белбеуін алды 31 қазан 2021, 09:46

Аралас стильдегі ресейлік файтер Петр Ян мен америкалық Кори Сэндхагеннің кездесуі Абу-Дабидегі UFC 267 турниріндегі кештің үздік жекпе-жегі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

ufcanz видеосынан алынған кадр ufcanz видеосынан алынған кадр

Аралас стильдегі ресейлік файтер Петр Ян мен америкалық Кори Сэндхагеннің кездесуі Абу-Дабидегі UFC 267 турниріндегі кештің үздік жекпе-жегі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімімен аяқталды. Олар жеңісті 49:46 есебімен Петрге берді. 28 жастағы ресейлік үшін бұл 16-жеңіс, сондай-ақ, ол екі рет жеңілген.

Ян UFC 267 турнирінде жеңіл салмақтағы UFC уақытша чемпион белбеуін алды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFCANZ (@ufcanz)

Бастапқыда бұл турнирде Ян Стерлингке қарсы шығуы керек еді, бірақ Ямайкада дүниеге келген америкалық спортшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен шығып қалды.

Сандхагенге келер болсақ, ол карьерасында төртінші және қатарынан екінші рет жеңілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram