Плющенко өзіне тікелей эфирде ота жасатпақшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Евгений Плющенко.  ©РИА Новости Евгений Плющенко. ©РИА Новости

Ресейдің атақты мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Евгений Плющенко наурыздың 2-сі күні омыртқасына жасалатын операцияны онлайн режимде көрсетуге әзір деп хабарлайды "Интерфакс". "Наурыздың 2-сі күні операция жасалатынын бәрі біледі деп ойлаймын. Омыртқамнан төрт бұранданың сынып қалған біреуі алынады. Мен оны көп адам көре алады деп ойлаймын, өйткені мен мұның бәрі қалай жасалатынын көрсеткім келеді", - деді Плющенко журналистерге. Спортшының айтуынша, бұл "кішігірім тікелей эфир" болады. Плющенко бұл эфирді кімнің жүргізетінін де ойластырып қойған. Оның аты-жөнін жария етпегенімен, Андрей Малахов емес екенін баса айтты. Еске сала кетейік, Олимпиаданың екі дүркін алтын, екі дүркін күміс чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы Евгений Плющенко Сочи Олимпиадасы кезінде командалық жарыста қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған еді. Бірақ ер адамдар арасындағы жеке қысқа бағдарлама сайысында жарақатына байланысты өнер көрсетуден бас тартты. Бұл жайт ресейліктердің наразылығын туғызды. Плющенконың жарыстан шығып қалуы туралы Ресей Президенті Владимир Путин: "Оның денсаулығында, шынымен де, кінәрат бар, ол бірнеше операция жасатқан. Ол командалық біріншілікте өнер көрсетіп, өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті" деген болатын. Осыдан кейін наразылықтар сәл саябырсыды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен болса, Евгений Плющенконы ерекше құрметтейтінін және оны сайыста үлгі тұтарлық адам ретінде көргісі келгенін айтты. "Мен Плющенконы басқа спортшылармен салыстырмас едім, ол - көп спортшының кумирі. Егер ол мұзайдынға шыққанда бәсеке аясынан тыс болар еді. Евгений біріншіліктің көрігін қыздыра түсер ме еді. Бұл Олимпиада ойындары адам айтқысыз, егер Плющенко болғанда, Ойындардың одан сайын сәні кірер еді", - деп өкініш білдірген еді Тен.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro