15 ақпан 2014 22:10

Денис Тен Олимпиададағы жүлдесі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен.  ©Vesti.kz Денис Тен. ©Vesti.kz

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен журналистерге өзінің өнер көрсетуі мен алған әсерлері жайлы әңгімелеп берді деп хабарлайды Vesti.kz. "Юдзуру да, Патрик та - мәнерлеп сырғанаудың соңғы жылдардағы көшбасшылары. Егер спорттық карьерамыздың бастауларын салыстырар болсақ, мен қолыммен жөндеп алатын конькимен бастадым, ал оларда жағдай басқа болды. Әлемде идеал ештеңе жоқ - өнерді бағалаудың мамандарға ғана айқын белгілі бір межелері бар", - дейді Денис Тен. Спортшының айтуынша, қазір мәнерлеп сырғанау деңгейі жоғарылаған. "Қысқа бағдарламаға шығарда өзіме қысым көрсетіп алдым, ал еркін бағдарламада бұл күйді жеңе алдым. Өнер көрсеткеннен кейін медаль алам деп ойлаған жоқпын. Үшінші орын туралы да ойламадым - медаль жайлы оймен өзіме салмақ салғым келмеді. Тренажер залына барып, велосипедке отырдым - қарсыластарымды қарадым, әрқайсысы шыққан сайын өзімнің бірінші орында қалып тұрғанымды түсіндім. Фернандес және басқалар шыққаннан кейін оларға қарсылас ретінде емес, олардан бірнәрсе үйрену үшін қарадым", - дейді фигурист. Тен өз нәтижесін әзірше ең үздік сырғанауы екенін мойындайды. Ол мұзайдында ресейлік әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконы көргісі келгенін айтты. "Мен Плющенконы басқа спортшылармен салыстырмас едім, ол көп спортшының кумирі. Егер ол мұзайдынға шыққанда бәсеке аясынан тыс болар еді. Ол біріншіліктің көрігін қыздыра түсер ме еді. Бұл Олимпиада ойындары адам айтқысыз, егер Плющенко болғанда, Ойындардың одан сайын сәні кірер еді", - дейді Тен. Еске салайық, қазақстандық спортшы Денис Тен Олимпиадада ұлттық құрамаға алғашқы медальді алып берген болатын. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында алтын медальді жапониялық Юдзуру Ханю, күміс медальді канадалық Патрик Чан иеленді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Тенді қола медаль жеңіп алуымен құттықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети