Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алексей Полторанин. Фото:olympic.kz Алексей Полторанин. Фото:olympic.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Полтораниннен бөлек австриялық шаңғышылар Макс Хауке мен Доминик Бальдауф та өз кінәларын мойындаған.

Kurier мәліметі бойынша, үш спортшы өз кінәларын мойындарына алғаннан кейін, абақтыдан босатылды. Эстониялық екі шаңғышы әлі де қамауда отыр. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Алексей Полтораниннің қамаудан босатылғанын "Қазақстанның ұлттық шаңғы жарысы федерациясының" баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексей өзін мүмкіндігінше қалыпты сезінеді. Қазақстандық шаңғышының әлем чемпионатына қатысар-қатыспасы, сондай-ақ, осы жағдайдың мән-жайы кейінірек белгілі болады. Дәл қазір біз осы сұмдықтың біткеніне қуаныштымыз", - деді ҚР ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз хатшысы Самат Наурызова.

Айта кетейік, аутогемотрансфузия (қан допингі) өзінің алдын ала дайындап қойған қанын реципиентке құю дегенді білдіреді.

Естеріңізге салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.

Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді.

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, VADA полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - деген еді бапкер Алексей Наконечный.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro