Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Полторанин көш соңында қалды

16 Наурыз 2014, 10:43
0
Сурет fis-ski.com сайтынан
Сурет fis-ski.com сайтынан
Шаңғымен жарысу спортынан Фалунде (Швецияда) өтіп жатқан әлем кубогының ақтық сыны бағдарламасындағы скиатлон бәйгесінде Алексей Полторанин көш соңында қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Біздің уақытпен түнде аяқталған 30 шақырымдық скиатлонға (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) 48 спортшы қатысуы керек болатын. Алайда олардың төртеуі жарыс жолына шықпаған. Ал үшеуі көмбеге жетпеген.

Сонда 41 шаңғышы ғана мәре сызығын қиған. Алексей Полторанин аталмыш бәйгеде 40-орынмен шектелді. Яғни төменнен санағанда – екінші...

Алексей дәл қазір спорттық бабында емес сияқты. Олай дейтініміз, осы скиатлонн бәйгесінің бірінші жартысында, яғни өзі бейім классикалық әдіспен жарысуда да көңілге қонымды нәтиже көрсете алмаған. Скиатлонның бірінші жартысындағы көрсеткіштері 38-орыннан жоғары емес.

Жалпы, Фалундегі скиатлон сынында Канада шаңғышысы Алекс Харвидің бағы жанып, жеңімпаз атанды. Норвегия саңлағы Мартин Йонсруд Сундбю одан сәл-пәл ғана қалып қойды. Үшінші орын орыс шаңғышысы Александр Легковқа бұйырды.

Полторанин енді 15 шақырымдық ізге түсу жарысында бағын сынап көрмек. Бірақ оның жүлдеге ілігу ықтималдығы жоққа тән, десек те болады. Себебі, скиатлондағы көрсеткішіне қарай ол сөреден 40-шы болып шығады. Бұл бәйге бүгін кеш қараңғысында (21:00-де) басталады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай