Полторанинді соттайды деп ойламаймын - Сәпиев

01 Наурыз, 15:04
0
Полторанинді соттайды деп ойламаймын - Сәпиев - Алексей Полторанин. Фото Reuters©
Алексей Полторанин. Фото Reuters©

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің пікірінше, қан допингін қолданғанын мойындаған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин үш жылға сотталмайды. Бұл туралы Серік Сәпиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Сәпиевтің айтуынша, ол әлі Полтораниннің өзімен әлі сөйлеспеген, бірақ оның бостандыққа шыққанын біледі.

"Онымен сөйлесіп алуым керек, егер расымен де кінәсін мойындаса - демек жазаланады. Ол үш жылға сотталады деп ойламаймын. Бәрі жақсы болады. Дәл қазір менің білетінім - ол кеше босап шықты. Біздің консулымызбен, Федерация басшылығымен кездескен. Оған барынша қолдау көрсетіліп жатыр", - деді Серік Сәпиев.

"Іштей тергеу бола ма?" деген сұраққа спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы "алдымен Алексеймен сөйлесу керек" деп жауап қатты.

Бұған дейін қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қон допингін қолданғанын мойындаған еді.

Алексей Полтораниннің қамаудан босатылғанын "Қазақстанның ұлттық шаңғы жарысы федерациясының" баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексей өзін мүмкіндігінше қалыпты сезінеді. Қазақстандық шаңғышының әлем чемпионатына қатысар-қатыспасы, сондай-ақ, осы жағдайдың мән-жайы кейінірек белгілі болады. Дәл қазір біз осы сұмдықтың біткеніне қуаныштымыз", - деді ҚР ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз хатшысы Самат Наурызова.

Айта кетейік, аутогемотрансфузия (қан допингі) өзінің алдын ала дайындап қойған қанын реципиентке құю дегенді білдіреді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай