Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында. © Reuters Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында. © Reuters

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы толығырақ айтып берді. 27 ақпанда Қазақстан құрамасының көшбасшысын VADA (Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі) полициясы жарысқа шығармай қойған еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы толығырақ айтып берді. 27 ақпанда Қазақстан құрамасының көшбасшысын VADA (Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі) полициясы жарысқа шығармай қойған еді.

Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді. Алайда шаңғышы жарыс сөресіне шыққан жоқ.

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, БАДА полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - дейді бапкер Алексей Наконечный.

"Осы әлем чемпионатында Полторанинді енді көрмеуіміз әбден мүмкін", - деп жазылған мақалада.

Қазақстандық тағы бір шаңғышы Денис Волотка РИА Новостиге берген сұқбатында Полтораниннің жарысқа шықпағанын мәреге жеткен соң ғана білгенін айтты.

"Ештеңе білмедім. Қонақүйде Алексей басқа бөлмеде тұрады, себебі ол сайыстарға жеке бағдарлама бойынша дайындалады. Сондықтан, мен оны көрген жоқпын. Бізден жеке қашықтық алдында бір допинг-сынақ алды. Одан кейін ешқандай тест те, бұл тақырыпта әңгіме де болған жоқ", - дейді спортшы.

Бұған дейін Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындағаны туралы ақпарат шыққан болатын. БАҚ мәліметтері бойынша, қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro