05 қазан 2020 18:39

Qazaq kuresi ассоциациясының бірінші вице-президенті ұлттық құрама мүшелерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 қазанда Jekpe-Jek сарайы базасында спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын қорытындылай келе, Qazaq kuresi ассоциациясының бірінші вице-президенті Әбіш Самат Сатыбалдыұлымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


5 қазанда Jekpe-Jek сарайы базасында спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын қорытындылай келе, Qazaq kuresi ассоциациясының бірінші вице-президенті Әбіш Самат Сатыбалдыұлымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Самат Әбіш ғылыми-практикалық базаны күшейту, оқу бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін Ассоциация президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен Qazaq kuresi академиясы құрылып, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-мен 2020-2021 оқу жылына арналған Qazaq kuresi дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленгенін атап өтті.

Бұдан басқа, Самат Сатыбалдыұлы Кәрім Мәсімовтің ұсынысы бойынша Qazaq kuresi ұлттық спорт түрін стратегиялық ілгерілету және танымал ету үшін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде іске асыратын Qazaq kuresi арнайы жобасы әзірленгенін айтты.

Бүгінгі таңда Qazaq kuresi Ассоциациясы бірыңғай орталықтандырылған басқару ұйымына айналды. 

Аталған салтанатты шараға қонақ ретінде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Әнуар Садықұлов шақырылды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети