Қазақстан бендишілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бендишілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты Қазақстан бендишілері әлем чемпионатында. Сурет baikal-bandy.ru сайтынан

Бендиден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейдің Иркутск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда жерлестеріміз АҚШ командасын 11:3 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.. Енді Қазақстан құрамасы Швецияға қарсылас атанады. Айта кетейік, Иркутсткте ауа-райы -29 градусты көрсетіп тұрғандықтан регламент бойынша Қазақстан мен АҚШ командалары 30 минуттан үш тайм өткізді. Рауан Исалиев пен Сергей Почкунов үш голдан соқса, Ескендір Нұғманов пен Денис Салутин АҚШ қақпасына екі голдан соқты. Тағы бір допты өз еншісіне Петр Грибанов жазды. Енді Қазақстан бендишілері әлем біріншілігінің жартылай финалында Швеция құрамасымен кездеседі. Айта кетейік, шведтермен топтық кезеңде де кездескенбіз. Екінші тур аясында өткен ойында 2:11 есебімен ойсырай жеңілгенбіз. Ал ширек финалда скандинавтар Белоруссия құрамасымен кездесіп, қарсыластарын 33:5 есебімен ойсырата жеңді. Бірінші таймда 16 гол соғып алып, екінші таймда тағы 17 гол соқты. Жартылай финал ойындары 1 ақпанда өтеді. Финал және үшінші орын үшін өтетін кездесу ақпанның 2-сіне жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети