29 қаңтар 2014 17:21

Қазақстан бендишілері АҚШ құрамасымен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан - Финляндия. Сурет baikal-bandy.ru сайтынан Қазақстан - Финляндия. Сурет baikal-bandy.ru сайтынан

Допты хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейдің Иркутск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің ойындарын аяқтады. Енді жерлестеріміз ширек финалда АҚШ командасымен кездеседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үздіктер дивизионында өнер көрсететін Қазақстан бендишілері топтық кезеңді сәтті бастай алмады. Алдымен ресейліктерден 1:10 есебімен жеңілсе, келесі кездесуде шведтерден 2:11 нәтижесімен ұтылды. Әйтсе де топтық доданың соңғы матчында Финляндия құрамасымен кездесіп, 7:3 есебімен басым түсті. Дегенмен, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бірінші тайм өте тартысты өтіп, командалар үзіліске 2:2 есебімен шықты. Ал екінші таймда қарқындарын күшейткен Қазақстан құрамасы Суоми елінің ойыншыларын әбден тықсыртып, 7:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша өз тобында үшінші орынды иемденген Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен кездеседі. Өз кезегінде америкалықтар екінші топта екі ойында жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Белорустарды 7:4 есебімен тізе бүктірсе, канадалықтарды 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Тек Норвегия құрамасымен 5:5 нәтижесімен тең ойнап, гол айырмашылығы үшін ғана өз тобында 2-орынға тұрақтады. Енді ширек финалдың ойындары 30 қаңтар күні өтеді. Айта кетейік, 26 қаңтарда басталған әлем біріншілігі 2 ақпанда мәресіне жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети