Астана әуежайы жолаушыларына уақытша өзгеріс туралы хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайы жолаушыларына уақытша өзгеріс туралы хабарланды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астана әуежайы жолаушыларға бүгін T2 терминалында жоспарлы жұмыс жүргізілетінін ескертті. Осыған байланысты бірнеше сағат бойы автоматты өрт дабылы жүйесі қысқа мерзімге іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Travel.


Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, терминалда автоматты өрт дабылы жүйесіне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсету жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысында өрт дабылы датчиктерін тазалау және техникалық қызмет көрсету шаралары атқарылады.

Профилактикалық жұмыс сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Әуежай өкілдері осы уақыт аралығында жолаушылар, қызметкерлер мен жалға алушылар автоматты өрт дабылының қысқа мерзімді дыбыстық белгісін естуі мүмкін екенін ескертті.

"Жұмыстар жүргізілетін кезеңде автоматты өрт дабылы жүйесінің қысқа мерзімді іске қосылуы мүмкін", - делінген Астана әуежайы әкімшілігінің хабарламасында.

Осыған байланысты жолаушылардан терминалда болған кезде бұл ақпаратты ескеруді және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Жолаушылардан, әуежай қызметкерлері мен жалға алушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз", - деп атап өтті әуежай әкімшілігі.

Айта кетейік, бүгінде Астана әуежайынан Қазақстан бойынша да, шетелге де ондаған рейс орындалып жатыр. Бұған дейін 2026 жылдың жаз маусымында жолаушылар үшін қолжетімді бағыттардың өзекті тізімін ұсынған болатынбыз. Толығырақ мына материалда.

Тағы оқыңыз: Таиландтағы өрттен 27 адам қаза тапты: СІМ Қазақстан азаматтарына қатысты жағдайды хабарлады

;