Қазақстандық Зарина Дияс ITF туринирінде жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Зарина Дияс ITF туринирінде жеңімпаз атанды Зарина Дияс. ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдағы ITF туринирінде жеңімпаз атанып, сыйлық қорындағы 50 мың АҚШ долларына қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz Шешуші матчта қазақстандық спортшы тайландтық Ноппаван Лертчивакарнды - 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Финал небәрі 52 минутқа созылды. Естеріңізге сала кетейік, Зарина Дияс осы шешуші сайысқа өтер кезде өзінің бұрынғы жерлесі Ксения Первакті тізе бүктірген болған. Яғни, қазір Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген Первак бірінші кезеңнен кейін сайысты жалғастырудан бас тартқан еді. Халықаралық әйелдер күніндегі қазақстандық спортшының жеңісі жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Бұған дейін Зарина Дияс Дох турниріндегі сайысты жалғастырудан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз. Ол кезде теннисші қызымыз Австралияның атынан жарыс жолына түскен Анастасия Родионовамен бақ сынасқан еді. Родионова екінші кезеңде жерлесімізден 3:2 есебімен басым түсіп жатқан болатын. Дияс ойынды тоқтатуға шешім қабылдады. Қазақстандық спортшының сол кезде мұндай қадамға баруына оның жарақаты себеп болғанын айта кету керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети