Қытайлық Ляо Хуэй ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық Ляо Хуэй ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Ляо Хуэй. ©Әділ Садықов

Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 69 келі категориясында жарыс өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 69 келі категориясында жарыс өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қытайдан келген Ляо Хуэй әлемдік рекорд жаңартып, бірінші орын алды. Ол жалпы есепте 359 (166+193) келі салмақты еңсерді. Күміс медаль мысырлық атлет Мұхамед Махмұдқа бұйырды - 334 (152+182), ал корей Ким Мьон Хьок үшінші орыннан көрінді. Ол жалпы есепте - 305 келі салмақты еңсерді (152+182). 18 жастағы қазақстандық Альберт Линдер болса жалпы есепте 305 (145+170) келі жинап, 10-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 қарашада басталған еді. Қазақстанның атынан 15 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде Олимпиада ойындарының үш чемпионы бар - Илья Ильин, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло. Осыған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші алтынды әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфия Чиншанло алып берген болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети